Алматыда «Дельта» штамының үлесі 78 пайызды құрайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың жаңа штамдарының айналымы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, Алматыда эпидемиологиялық ахуал және инфекцияның таралуына жол бермеу карантин талаптарын сақтауға және мегаполис тұрғындарының вакциналану қарқынына тікелей байланысты.

Алматының бас санитарлық дәрігері дерт жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты 30 маусымда кезекті зерттеулердің нәтижесі алынғанын айтты.

«46 сынаманың 36-да «Дельта» штамы, 8-де «Альфа» штамы және екеуінде – ашылмаған мутация анықталды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес дельта штамының үлес салмағы 78 пайызды құрайды», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Жандарбек Бекшин қала тұрғындары мен қонақтарын халық көп жиналатын орындарға бармауға, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауға шақырды.

Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирустың жаңа штамының тез таралатынын айтып, қала тұрғындарына вакцина алу керектігін еске салды.


Соңғы жаңалықтар