21:07, 18 Қараша 2022 | GMT +5
Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 19-20 қараша күні Шевченко көшесінің бойында «Ғылым ордасы» археология мұражайының алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаланың азық-түлік кәсіпорындары мен Алматы облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 100 тоннадан астам азық- түлік жеткізіледі.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 50 өнім түрі ұсынылады. Атап айтар болсақ, 20 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, көкөніс 60 тонна, балық 1 тонна, 14 тонна өзге де өнімдер бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.
Жәрмеңке таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін: Шевченко көшесінің бойында «Ғылым ордасы» археология мұражайының алдында өтеді.