Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қатынайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 19-20 қыркүйекте қоғамдық көлік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, қалада тұрғындардың өтініші бойынша, қыркүйек айы басталғалы қоғамдық көлік, оның ішінде метро кестеге сәйкес жұмыс істей бастады.


Соңғы жаңалықтар