Алматыда «Деніңіз сау болсын, ардагер!» атты флэшмоб ұйымдастырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Республика сарайының алдындағы алаңда Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған «Деніңіз сау болсын, ардагер!» атты флэшмоб ұйымдастырылды

Алматыда «Деніңіз сау болсын, ардагер!» атты флэшмоб ұйымдастырылды

Оған 200 жуық адам қатысты. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, медициналық мекемелердің дәрігерлері және студенттер болды.

Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлқарнай Сейітовтің айтуынша, соғыс жылдары дәрігерлер қан майданда жүздеген мың жауынгерді өлім аузынан алып қалған.

«Бүгінгі шара саламатты өмір салты үшін, бақытты болашақ үшін ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушыларға рахмет» - деді соғыс ардагері.

Айта кетелік, флэшмобты аудандық ардагерлер кеңестерінің қолдауымен қалалық Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды.