Алматыда Денис Тен мен оның достары - мәнерлеп сырғанаудан әлем жұлдыздары шоуы өтеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мен оның достары - мәнерлеп сырғанаудан әлем жұлдыздарының «Сәлем» атты шоуы өтеді.

 Алматыда Денис Тен мен оның достары - мәнерлеп сырғанаудан әлем жұлдыздары шоуы өтеді (ФОТО)

Сочидегі Олимпиада қола жүлдегерінің үшінші жыл сайынғы мұз шоуының таныстырылымы кеше толық аншлагпен өтті.

Денис Теннің шоу алдында болып өткен баспасөз мәслихатында, «биылғы жылғы бағдарлама «бізде тәжірибелер болған алдыңғы форматтардан ерекшеленеді. Ол үшін шетелдіктер тартылды, қоюшысы - канадалық маман», - деп мәлім етті ол.

«Биылғы жылы қатысушылардың құрамы үйлестірілген, біз жобаны ұйымдастырудың батыстық деңгейіне шығып отырмыз. Бұл жолы үш ұрпақты көрсететін бірегей шоқжұлдыз болып шықты - біз тамашалап өскен ұрпақ, қазіргі және болашақ ұрпақ. Әрбір қатысушы - жеке тұлға. Әрқайсысы әр елден келген. Барлық мәдениеттер мен халықтардың бұл бірегей бірлестігі біздің еліміз бен бас серіктесіміз - EXPO-2017-ні логикалық суреттеп отыр», - деп түсіндірді Твиттердегі жеке парақшасында Денис Тен.