Алматыда Денис Тен туралы музыкалық бейнебаян түсірілімі басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Біз Денис Тенге тиесіліні беріп, барлық қазақстандықтарды оның Сочидегі жеңісімен құттықтағымыз келеді.
Бүгін Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жайлы музыкалық бейнебаянның режиссері, актер, қоғам қайраткері Әнуар Нұрпейісов осылай айтты.
«Біздің жерлесіміз Денис Теннің Сочидегі Олимпиада ойындарында медаль алғаны - өте керемет. Біріншіден, мәнерлеп сырғанау спорттың аса беделді түрі. Екіншіден, әлемдік ойындарда жалғыз медальға ие болған ол біздің құраманың абыройын сақтап қалды, сол себепті мен бұл қоланы алтынға бергісіз деп санаймын», - деп қосты Ә.Нұрпейісов.
Режиссер сонымен бірге, бейнебаяндағы музыка Тина Тернердің «Simply the best» әнінің орыс тіліндегі кавер-нұсқасы екендігін, қазақ тілінде айтылатын тұстары да барлығын жеткізді.