Алматыда Денис Тен жанкүйерлерімен кездеседі

«Алақай! Денис Теннің жанкүйерлері үшін ең көптен күткен жаңалық. Алматыда фан-кездесу! 6 қаңтарда. Денис Тенмен кездесу оның нағыз жанкүйерлері үшін ғана өтеді, біз қатысушыларға 20 адамға дейін орын бөлеміз!», - деп хабарланды парақшада.
Кездесуге үш сұраққа дұрыс жауап бергендер қатыса алады?
Денис қай жылы әлем чемпионатындағы дебютін өткізді?
Денистің Instagram-дағы шығармашылық аккаунтының атауы қандай?
Periscope-де Денис жазылушылар саны жөнінде кіммен бәстесті?
Жауаптарды жекелей хабарлама түрінде Instagram пайдаланушысы @kushelekova Әйгерімге жіберу қажет.
Еске сала кетейік, Денис Тен жекелей өнер көрсететін белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Спортшының есебінде мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық біріншіліктердің көптеген марапаттары бар.
Ол 2015 жылды табысты аяқтады. Қарашада немістің Дортмунд қаласында өткен NRW Trophy турнирінде екінші орынға ие болды, ал желтоқсанның басында Загребтегі (Хорватия) Golden Spin турнирінде жеңімпаз атанды.