Алматыда Денис Теннің мұз айдынындағы шоуында чемпиондар үздік өнерін көрсетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Теннің «Денис Тен және оның достары. Олимпиадалық жігер» атты мұз айдынындағы орасан зор шоуы өтті.
None
None

Шоуға мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың олимпиада чемпиондары, әлем, Еуропа чемпиондары қатысты. Олардың арасында тоғыз олимпиада жүлдегерлері - Джоанни Рошетт, Каролина Костнер, Мао Асада, Мирай Нагасу, Эван Лайсачек, Дайсуке Такахаши, Стефан Ламбьель, Татьяна Волосожар және Максим Траньков болды. Әлемнің төрт дүркін чемпионы, Еуропаның үш дүркін чемпионы Алексей Ягудин және екі мәрте әлем чемпиондары Максим Маринин мен Татьяна Тотьмянина арнайы қонақтар қатарынан орын алды.

Мұз айдынындағы шоу екі бөлімнен тұрады. Оның алғашқы бөлімінде мәнерлеп сырғанаушылар серпінді нөмірлерді көрсетті, екіншісінде - кейбір өнер көрсетушілер симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен зор әсер қалдырды. Кешті жүргізушілер - Нұрлан Абдуллин мен Нұрлан Қоянбаев. Шараның екінші бөлігінде оларға Алексей Ягудин қосылды.

Әрбір спортшы өзінің үздік нөмірлерін паш етті. Д.Теннің өзі де тамаша ойын өрнегін көрсетіп, күрделі элементтерге құралған композицияларды ұсынды. Көрермендер залы оған түрегеп тұрып қол соқты. Шоудың соңында мәнерлеп сырғанаушы барлық қатысушыларға, достары мен жанкүйерлеріне қолдаулары үшін алғыс айтты. Оның айтуынша, түскен барлық қаражат Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спортын дамытуға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар