Алматыда депутаттар тезірек сот-медициналық сараптама орталығына жаңа ғимарат салуға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мәжіліс депутаттары Қазақстандағы сот-медициналық сараптама орталығының жаңа ғимаратын тезірек салуға мұрындық болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Светлана Бычкова мен Зәуреш Аманжолова Алматы сот сараптамалық институты базасында сот сараптама мамандарымен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиында Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова ескіріп тұрған сот-медициналық орталыққа тездетіп жаңа жаңа ғимарат салу қажеттігін айтты.          

«Біз депутат Светлана Бычковамен сот-медициналық сараптама орталығына, мәйітханалық зертханаға барып көрдік. Біз депутаттар болып, жаңа басшылық, қала билігі бірлесіп, жаңа ғимаратты дайындап беру жағын қамдайық. Сот медициналық сараптаманы, сот сараптамасына біріктіргенде жеткен жетістігіміз осы ғимарат деп айта алатындай болсақ. Өздеріңіз білесіздер, қазір бізде оқыс оқиға көп, өлім-жітім көп. Тезірек қаражат тауып, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысты бастауға мұрындық болайық», - деді депутат.         

Кездесуде Зәуреш Аманжолова ҚР Парламенті Мәжілісі 6-шы шақырымының жұмысы нәтижелі болғанын айтты.

«Парламенттің екінші сессиясында 111 заң жобасы қаралып, оның 84-і қабылданды. Осы заңдардың 15-іне депутаттар бастамашыл болды. 111 заң жобасының 62-іне Президент қол қойды. 30 маусым күні Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша заң жобасына қол қойылды», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар