Алматыда деструктивті діни ағым өкілі үйінде қолдан тапанша жасап алған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы деструктивті діни ағымның жақтаушысынан үйде жасалған револьверді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда деструктивті діни ағым өкілі үйінде қолдан тапанша жасап алған

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті арнайы «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталған.

«Белгілі болғандай, ұсталған адам деструктивті діни ағымды ұстанушы болып шықты. Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген тапанша қолдан жасалған 5,6 мм калибрлі екен. Ол атуға жарамды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті - Түркістан облысының 24 жастағы тумасы қамауға алынды.