Алматыда дін қызметкерлері спорттан сынға түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында алғаш рет спартакиада ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.
Жарыс Халық шаруашылығы университеті стадионында шағын-футбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір тасын көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахматтан өтті. Оған тек мешіт қызметкерлерінен жасақаталған командалар қатысты.
Тартысты доданың қорытындысы бойынша, Медеу ауданының мешіті бірінші орынға табан тіресе, екінші және үшінші орындарды Жетысу мен Әуезов аудандары сәйкесінше иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Спартакиаданың басты мақсаты мешіт қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылды.