Алматыда «Дін және азаматтық қоғам» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Дін істері агенттігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Астана - Зерттеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және азаматтық қоғам» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференция жұмысына ғалымдар, сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және талдау жүргізу құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Конференция мақсаты - дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үрдісінде азаматтық қоғам өкілдерімен конструктивті байланыс орнату, деп хабарлады Дін істері агенттігінің баспасөз қызметінен.