Алматыда «Динамо ? Қазақстан балалары үшін» акциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Динамо» - Қазақстан балалары үшін» деп аталатын дәстүрлі акция өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шара қазір еліміздің барлық қалаларында да өткізілуде. Оны Алматыда біз биыл Алмалы ауданының әкімдігімен бірігіп өткізіп жатырмыз. Оған балалар үйлерінің, көп балалы отбасылардың, Чернобыль апатын жоюға және ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен өзге әскери қызметкерлердің балалары қатысуда. Акция кезінде спорттық жарыстар мен мерекелік концерт ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға сый-сияпат жасаймыз», - дейді «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы төрағасының орынбасары Сансызбай Құсайынов. Оның айтуынша, биыл «Динамо» стадионынан жаңадан шағын футбол алаңы мен күрес залдарын ашылып, түрлі спорт секциялары ұйымдастырылған. Мұнда балалардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен жан-жақты айналысуына барлық жағдай жасалған.
Соңғы жаңалықтар