Алматыда дінтану саласы бойынша білім беру туралы алқалы жиын өтеді

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 9 қараша күні «Қазақстан Республикасындағы дінтану саласындағы білім берудің маңыздылығы» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны болады.
None
None

ОныАлматы жастар конгресі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті бірігіп ұйымдастырып отыр. Оған дін философиясы саласының мамандары, жастар және студенттік ұйымдардың көшбасшылары және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшелері шақырылған. Әлеуметтанушылардың айтуынша, қазіргі заманғы мемлекетте дін білімі гуманитарлық ілімің құрамдас бөлігі саналады. Ол өскелең ұрпақ пен жастарға дінтанудың тарихы, оның адамзат өміріндегі мәдениет пен руханият саласындағы рөлі жөнінде шынайы ғылыми түсінік береді. Сол себепті бұл басқосу кезінде аталмыш саладағы жетекші мамандардың баяндамалары тыңдалып, ондағы көкейкесті мәселелер жан-жақты талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар