Алматыда Досмұхамедов көшесі 15 күнге жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Досмұхамедов көшесі екі аптаға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Досмұхамедов көшесі 15 күнге жабылады

«19 маусым мен 3 шілде аралығында Досмұхамедов көшесінің бойы Жамбыл көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-дан.

Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.