Алматыда дүкен күзетшісін өлтірген азамат тұтқындалды

АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыдағы дүкендердің бірінде күзетші болып қызмет ететін азаматты өлтірген қылмыскер ізін суытпай қолға түсірілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.Ауыр қылмыс ұялы телефондар сатылатын дүкенде түн мезгілінде жасалған. Полицияға кездейсоқ куәгерлер хабарласады. Олардың айтуынша, дүкеннің түн жарымында ашық тұрғаны назар аудартқан. «Дүкеннің ішінен қатігездікпен өлтірілген жас жігіттің денесі табылды. Мәйітке сараптамалық тексеру жүргізген мамандар анықтағандай, ол тамағын өткір затпен тілу салдарынан көз жұмған», дейді қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полковник А. Шідерқұлов.Қылмыс жасалған күні қала ІІД мен Медеу АІІБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Күдіктіні анықтау тез уақыт аралығында іске асырылды. Ол Алматы облысының 21 жасар тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде қылмыскер өз кінәсін толықтай мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар