Алматыда дүкен өртеніп, 2 адамды күйік шалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дүкеннің шатыры өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мамандар қызыл жалын ортасынан 4 газ баллонын шығарып үлгерді.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Шәріпов 19 мекенжайында орналасқан дүкеннің отқа оранғаны туралы хабарлама  сағат 10:51-де түскен.

«4 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дүкеннің шатыры жалындап жатқанын айтты. Өртті сөндіру кезінде 4 газ баллоны сыртқа шығарылды.  Қызыл жалын 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 11:10-да сөндірді», - деді С.Баймұхамбетова.

Төтенше жағдайдан 2 адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ жалыннан «Киа-Рио», «Хюндай-Туксон» көліктері ішінара  зақымдалды.

Алдын ала тексеру бойынша, өрт ескі баллонды ауыстыру кезінде шыққан.

Соңғы жаңалықтар