19:55, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Алматыда дүлей дауыл ағаштарды құлатып, ғимарттардың шатырын ұшырып әкетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, көптеген үйдің шатырлары ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 көлікті ағаш басып қалды.
«112» желісіне ағаштардың құлауы және ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкетуі бойынша 34 хабарлама түсті. Одан бөлек екі жеке тұрғын үйдің ауласын су басты. Торллейбус желісі үзілді»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша 2 ересек ер адам жеңіл дене жарақатын алды.
Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Синоптиктердің сөзінше, жаңбыр түнгі сағат 3-ке дейін жауады.
Мамандар қала тұрғындарынан көліктерін ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды.