Алматыда Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы кезінде қандай мәселелерге көңіл бөлу қажеттігі қаралды

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы және этникалық көші-қон мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
None
None

Алқалы жиынға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі, ҚР ІІМ көші-қон полициясы комитеті, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, Этникалық көші-қон жөніндегі кеңестің мүшелері, Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері қатысты.

Жиын барысында ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы төңірегінде сөз өрбіп, шетел қазақтарының қоныс аударып, көшіп келудегі қиындықтары да көтерілді. Сонымен қатар Құрылтай кезінде қандай мәселелерге айрықша көңіл бөлу керектігі қаралды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары, этникалық көші-қон жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Талғат Мамашевтың айтуынша, бүгінгі жиынның мақсаты - шеттегі қандастарымыздың елге оралуда туындайтын қиындықтарын Құрылтай қарсаңында алдын ала талқылып, оны шешу жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

"Қытайдағы виза беруге байланысты болған келеңсіздіктерге ол елге еш наразылығымыз жоқ. Негізгі былық құжат толтыру жөніндегі біздің консулдықта орын алды",- дейді Т.Мамашев.

Соңғы жаңалықтар