Алматыда Дүниежүзілік жүрек күніне орай Ашық есік күні өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне орай Қалалық кардиология орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ашық есік күніне 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар, жоғары және I біліктілік санаты бар медицина мамандары, профессорлар, кафедра доценттері, кардиологтар, кардиохирургтер мен аритмологтар қатысады.

«Бұл күні электрокардиография (ЭКГ), эхокардиография (ЭХОКГ) сияқты тексерулерден өтіп, салалық мамандардан кеңес алуға болады.

Өткізілеті орны мен уақыты: 29 қыркүйек, Қалалық кардиология орталығы, Төле би көшесі, 93, сағат 12:00-ден 16:00-ге аралығында өтеді», - делінеді хабарламада.

Айта кетейік, Дүниежүзілік жүрек күні 2011 жылдан бастап әлемде атап өтіліп келеді.




Фото: tanea.gr





Соңғы жаңалықтар
telegram