Алматыда дзюдодан Әлемдік Гран-при жарысы басталды

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан Әлемдік Гран-при жарысы басталды.

Алматыда дзюдодан Әлемдік Гран-при жарысы басталды
Оған 19 елден 200-ден астам спортшы қатысуда. Екі күнге созылатын бұл додада ел намысын 7 салмақ бойынша ерлер арасында - 28, әйелдер арасында - 27 балуан қорғамақ. Жарыстың алғашқы күні ерлерден 60 (Елдос Сметов, Асхат Телманов, Рүстем Ибраев, Айбек Имашев), 66 (Елдос Жұмақанов, Нұрлан Оразалин, Бақдәулет Сәбитов, Ғайнулла Есенғалиев), 73 (Дастан Ықыбаев, Ертуған Төренов, Бекзат Манасбаев, Қажымұқан Өтеулиев) келі салмақтағы балуандар белдеседі. Ал әйелдер арасында 48 (Александра Подрядова, Айгүл Байқұлева, Мөлдір Жарманова, Дарья Лунова), 52 (Олеся Куценко, Әсел Қайсарова, Айғаным Төйтекова), 57 (Назгүл Құбашева, Севара Нышанбаева, Анна Казюлина, Анна Старченко), 63 (Мариан Урдабаева, Анара Жұмабаева, Мархабат Қуатбекова, Жібек Атаева) келідегі балуандар бақ сынайды. Ал ертең ерлерден 81, 90, 100, +100, әйелдерден 70, 78, +78 салмақ дәрежелеріндегі жеңімпаздар анықталады. Бұл бәсекеде Дәулетхан Жақыпов, Азамат Кыпшақбаев, Әділет Мисин, Бекжан Әбдуәлиев (81 кг), Ислам Бозбаев, Константин Рогозин, Айбол Айтбек, Евгений Ширшов (90 кг), Максим Раков, Талғат Әміренов, Адам Богатырев, Дархан Темірханов (100 кг), Ержан Шынкеев, Айбек Нұғымаров, Дәурен Нұралинов, Сәулет Абдісалихов (+100) пен Динара Кударова, Зәмзәгүл Файзолланова, Дильбар Өміралиева, Перизат Жақыпбекова (70 кг), Анар Сейтімова, Альбина Амангелдиева, Зарина Райфова, Мархабат Ақылбаева (78 кг), Гүлжан Исанова, Руза Духтурбаева, Нәзира Ержанова, Зарина Нүсіпбаеваға (+78 кг) үміт артылып отыр.