Алматыда дзюдодан ҚР Президенті жүлдесі үшін жарыс өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында қыркүйектің 25-26 күндері дзюдодан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін ерлер арасында Әлем кубогы жарыстары өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Дзюдо федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр. Бұл дүбірлі додаға 20-дан астам елдің балуандары қатыспақ. Қазақстанда тұңғыш рет өткелі отырған бұл бәсеке 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу шараларының лицензиялық кезеңдерінің бірі болғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар