Алматыда Е. Жолжақсынов пен Қ. Тілеуованың шығармашылық кеші өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 8-і күні ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Тілеуованың шығармашылық кеші өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында болатын бұл шара «Ғажайып әлем» деген атпен өтеді. Өнердегі алғашқы қадамын Ерік Жолжақсынов 1978 жылы ГИТИС-тің актерлік бөлімінде оқып жүріп «Қош бол, Медеу» музыкалық фильмінен бастаған болатын. Кейін Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет жасады. Сондай-ақ кино өнері саласында ондаған фильмдерге түсті. Оның ең соңғылары - «MG Production» продюсерлік орталығы шығарған «Өмір-уылдырық» және Қазақстан мен Ресей киногерлері бірлесіп түсірген шытырман оқиғалы «Афалинаның қарғуы» фильмі. Ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Тілеуова театр сахнасындағы жетекші әртістердің бірі саналады. Ол өнерсүйер қауымға «Қабыл ? Адам Ата перзенті» трагедиясындағы - Эда, «Ымырттағы махаббат» драмасындағы ? Беттина Клаузен, «Сергелдең болған серілер» комедиясындағы ? Сайра, «Шолпанның күнәсындағы» - Шолпан, «Абылай хандағы» - Топыш, «Абай» драмасындағы Мағыш рөлдерімен жақсы таныс.