Алматыда EcoTech 2009 көрмесі ашылды

trong>Қыркүйектің 16-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында 5-ші мерейтойлық Орталық Азия Халықаралық EcoTech 2009 «Өнеркәсіпке және муниципалдық шаруашылыққа арналған Экологиялық технологиялар мен экологиялық қызметтер» көрмесі ашылды,

Алматыда  EcoTech 2009 көрмесі ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш көрмеде Қазақстандағы табиғат қорғау технологиялары нарығының дамуы мен қалдықтарды қайта өңдеу, су және қоршаған ортаны тазарту және ластануының алдын алу, ластанған аумақтарды оңалту, жаңғыртылатын қуат көздерін пайдалану, сондай-ақ ресурстарды үнемдеу саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды.

Көрмеге әлемнің 10 мемлекетінен 40-тан аса компания қатысуда. Дәстүр бойынша  EcoTech көрмесі экологияның барлық көкейтесті мәселелерін кәсіби тұрғыдан талқылауға, ең соңғы табиғат қорғау технологияларының тұсаукесеріне, бірлескен жобаларды талқылауға және өзара шарттарға қол қойысуға арналған.

 Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан табиғат пайдаланушыларының орнықты даму қауымдастығы (КАПУР), Халықаралық қатты қалдықтар бойынша қауымдастық (ISWA) және  «Iteca» көрмелер компаниясы.