Алматыда екі апта бұрын жоғалған Талдықорған тұрғынын белгісіз біреулер сабап кеткен

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматыдан Талдықорғандағы үйіне қайтпақ болып жоғалып кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда екі апта бұрын жоғалған Талдықорған тұрғынын белгісіз біреулер сабап кеткен

«Бойында жаны бар екен. Ұрып кетіпті. Сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздер ақпарат шығарған соң, бізге хабарласты. Сол айтқан адрес бойынша бардық. Алматыдағы Әуезов ауданындағы Ақсай-1 шағынауданының маңынан жүз шақты адам іздеп жүріп, кеше таптық. Сабап кеткен. Маңдайынан соққы алған. Есінен айырылып, содан жүрген екен»,- деді жоғалған азаматтың туысы Еркін Бейсекей.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Есімбек Түркістанұлы шілденің 7-сі күні Алматыда жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.