Алматыда екі аудан ыстық судан ажыратылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурызбай және Медеу аудандарында 3 қазандықтың жөндеуге жабылатынына байланысты 10 күн бойы бірқатар аудандар ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда екі аудан ыстық судан ажыратылады

«Премьера», «Облыстық аурухана», «Еламан» қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 9-15 шілде аралығында Атбасар - Талғар тас жолы - Бригадная - Демченко, Буровая - Рысқұлов - Құлжа тас жолы, «Атырау-1» шағын ауданында; 9 - 30 шілде аралығында Сұраншы батыр - Белжайлау - Строительная - Жақыбаев көшелері ауданында ыстық су болмайды. Жөндеу жұмыстары қыста апат санын азайтып, тұрғындарға шығынсыз жылу жеткізу мақсатында жүргізіліп отыр. Түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деді Алматы жылу желілері компаниясынан.

Айта кету керек, бұған дейін Алатау ауданы мен Жетісу ауданында бірқатар тұрғын үй кешені ыстық сусыз қалған болатын.

Сондай-ақ Бостандық және Наурызбай аудандарында суық су беру тоқтатылғандығы туралы хабарланды.