13:30, 15 Мамыр 2023 | GMT +5
Алматыда екі ауданда уақытша суық су болмайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда екі ауданға суық су беру 1 тәулікке тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«17 мамыр таңғы 08:00-ден кешкі 20:00 дейін Медеу ауданында орналасқан Атырау-1, 2, 3 шағынауданындағы ғимараттар мен үйлер суық судан ажыратылады»,- деді «Алматы су» МКК баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, 18 мамыр таңғы 9:00 бен кешкі 17:00 аралығында Әуезов ауданында орналасқан «Таугүл-1» шағынауданы № 44-52, «Таугүл-2» шағынауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үй мен ғимараттарға су беру тоқтатылады.
Кәсіпорын мәліметінше, бұл шектеулер технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты болып отыр.