09:31, 10 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Алматыда екі автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —Жол жөндеу жұмыстарына байланысты № 27 және 118 бағытындағы автобустардың бағыты ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының көлік холдингі хабарлағандай, «Әділет авто» ЖШС-нің №27 және «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-нің №118 автобустары қозғалыс сызбасын уақытша өзгертті.
Енді олар Алатау көшесімен жүріп бара жатқанда Сәбденов көшесіне бұрылмай, бірден Райымбек даңғылына дейін барады.
№27 автобус қолданыстағы сызба бойынша жүреді.
№118 автобус Райымбек даңғылынан Жуалы көшесіне бұрылады, содан кейін Жақыбаев көшесіне шығады, әрі қарай сызба бойынша жүреді.
Кері бағыттағы қозғалыс өзгеріссіз қалады.