Алматыда екі азаматтың 19,1 миллион теңгесін алаяқтықпен иеленіп кеткен азаматша қолға түсті

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда екі азаматты алдап, ірі көлемдегі қаржыларын иемденіп кеткен алаяқ әйел қолға түсті.

Алматыда екі азаматтың 19,1 миллион теңгесін алаяқтықпен иеленіп кеткен азаматша қолға түсті

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлықпен күрес департаментінен хабарлады.

Күдікті екі азаматқа автокөлік пен пәтер алып беруге қолұшын беремін деген уәде беріп, олардың 19,1 миллион теңгесін алып, із-түзсіз кеткен. Қаржы полициясы департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіруінің нәтижесінде алаяқ әйел қолға түсті. Қазіргі кезде оның үстінен ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-тармағының «б» пункті бойынша қылмыстық іс қозғалды.