Алматыда екі бағдарлық автобус соқтығысып қалды, оқиға салдарынан 3 адам ауруханаға түсті

АСТАНА.  Қазанның  13-і. ҚазАқпарат  - Алматыда екі бағдарлық автобус соқтығысып қалды,    оқиға салдарынан  3 адам ауруханаға түсті, 

Алматыда екі бағдарлық автобус соқтығысып қалды,    оқиға салдарынан  3 адам ауруханаға түсті

деп хабарлады  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Жол-көлік оқиғасы  дүйсенбі күні сағат 14.00-де   Алматының   Бостандық  ауданында,  Абай даңғылы мен  Гагарин  көшесінің  қиылысында     орын  алды. Оқиға кезінде  «ПАЗ»  автобусының  салонында  - 16 жолаушы,  «Хундай»   автобусының салонында - 21 жолаушы болған.

Оқиға салдарынан    «ПАЗ» автобусының  жүргізушісі мен  екі  жолаушысы  түрлі  жарақатпен  ауруханаға  түсті.