Алматыда екі есірткі саудалаушы құрықталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматы полицейлері өткен түні екi iрi арнайы операция өткiздi,

Алматыда екі есірткі саудалаушы құрықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі саудалаушылар республикалық «Допинг» жедел алдын алу шарасы аясында құрықталған. Жедел іздестіру қызметкерлерінің бірнеше рет бақылау жүргізуінің арқасында 22 жасар Матвей есімді қылмыскердің бұрында ұрлық жасап сотталғандығы анықталған. Тұрақты жұмысы жоқ жас жігіт есірткі сатумен айналысып, көбінде марихуана мен анаша саудалаған.

«Қылмыскер жұбайымен бірге тұрып жатқан пәтерінде құрықталды. Жас жігіт әйелінің көзінше есірткі тұынушыларын қабылдап, оларға наша саудалаған. Біз М. есімді азаматтың осындай бірнеше әрекетке барғанын дәлелдедік. Тіптен ол өзі де оны жоққа шығармады. Тәркілеу кезінде оның үйінен 13 сіріңке қорабына салынған шөп түйіршіктері табылды», дейді Алматы қаласы ІІБ есірткі саудасына қарсы басқарма бастығы, полиция майоры Денис Лоскутов.

Сондай тағы бір есірткі саудагері түнгі сағат онбірлер шамасында ұсталған. 41 жасар Арман ірі көлемде героин есірткісімен қолға түскен. Ол 170 грамдық есірткі орамдарын ішкі киіміне тыққан. «Ұсталушы есірткіні үйінің маңынан тапқанын және оны өзі қолдану үшін алғанын айтады. Бұл мәліметтер міндетті түрде тексеріледі. Айта кетерлігі, бұл еркек бұрын алты рет есiрткi заттарын өткiзумен және бөтеннің дүниесін ұрлағаны үшін жазасын өтеп, жарты жыл бұрын ғана бостандыққа шыққан», дейді Д.Лоскутов.

Белгілі болғандай, тұрақты жұмысы жоқ Арман Бостандық ауданында отбасымен бірге тұрады екен. Нашақордың туберкулездің жабық түрімен ауратындығы да белгілі болды. Қазіргі уақытта полицейлер есірткінің Алматыға келу арналарын анықтаумен айналысуда.