12:54, 01 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда екі көлік соғылып, 1 адам жапа шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі көлік соғылып, 1 адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол апаты Н.Тілендиев көшесінде болған.

Аталған көшемен солтүстік бағытта қозғалған Тойота Камри көлігі Қарасай батыр көшесінен кенеттен шыққан Хонда Аккорд көлігін соғады.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Хонда жол ережесі бойынша Тілендиев көшесіндегілерге жол беруі керек екен.
Алайда, жүргізушінің айтуынша, жол белгісі дұрыс көрінбеген.
Соққыдан Камри электр бағанын сындырып жіберсе, ал Хонда газ құбырының тіреуішіне соғылған. Жол апатынан Хонда көлігіндегі жолаушы қыз жапа шеккен.
Ол ауруханаға жеткізілді.