Алматыда екі көлік соқтығысып, үйлердің қоршауын қиратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда «Honda» мен «Mitsubishi Pajero» соқтығысып, жер үйлердің қоршауын қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 7 тамыз түнгі сағат 22:50 шамасында болған.

«Honda» автокөлігінің жүргізушісі Енисей көшесімен шығыс бағытта келе жатып Папанин көшесінің қиылысында 2.5 жол белгісін елемей, Папанин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан «Mitsubishi Pajero» көлігіне соғылды.

Салдарынан «Honda» атокөлігі жолдан шығып кетіп, жер үйдің темір қоршауы мен газ құбырының тірегіне соғылды.

Апат салдарынан екі көлік те механикалық зақым алған.

«Жүргізушілерді оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы қарады, олар ауруханаға жатудан бас тартты. Аталған факт бойынша тексеру басталды», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасының Олжас Шәріпов.


Фото:instagram.com/kris.p.original



Соңғы жаңалықтар