Алматыда екі көлік ұрысы ұсталды
Қазіргі уақытта жедел уәкілдер Түркістан облысының 32 жастағы тумасы мен оның сыбайласы 40 жастағы азаматтың есебінде көлік ұрлаудың төрт дерегі барын анықтады.
«Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын біздің бөлімше қызметкерлері Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізді. Қаланың Медеу ауданында күдіктілер төрт көлікті ұрлап кеткендігі анықталды. Қазір үш көлік табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Төртінші «Toyota Vista» көлігі іздестіріліп жатыр»,- дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Қазір полицейлер ұсталғандардың қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды.
Фото: polisia.kz