Алматыда екі компанияға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ЭФКО Алматы» және «Golden Food company», май және консервіленген өнімдерді өндіру компаниялары мемлекет тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда екі компанияға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болды

Қазақстанның Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы шеңберінде аталған компаниялар 2017-2021 жылдар аралығында мемлекеттен қолдау тауып отыр.

«Өтінім пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі комиссия отырысында мақұлданды. Несиелік пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша берілген мемлекеттік қолдау 7%-ға борыш жүктемесін азайтады, болашақта үнемделген қаржы өндірісті кеңейтуге жол ашпақ», делінген хабарламада.

Айта кетсек, ауыл шаруашылығы өнімдері тікелей отандық фермерлерден сатып алынады, бұл дегеніміз баға саясатының төмендеуіне ықпал етеді, сондай-ақ Алматы агломерация  ауданында Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына синэнергетикалық әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша, 218 тағам өнеркәсібі 130 млрд теңгеге өнім өндірді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 30% -ға көп.

Алайда, тіпті азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерін эскпортқа шығарғанның өзінде Алматы өзін тек 35% қамтамасыз етіп отыр, бұл дегеніміз импорт алмастырудың елеулі резервін көрсетеді.

Демеу қаржы бөлініп отырған «Golden Food» ЖШС Қазақстан нарығында 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Кәсіпорын консерві өнімдері мен шақпақ қант шығарады. Сонымен қатар, көкөніс консервілері мен аджикалар өнідіреді.  Тағам өнеркәсіп басшыларымен және ЕДБ өкілдерімен кездесуінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов АӨК дамуында кәсіпкерлердің қолдауының маңыздылығын атап айтты.

«Бүгінгі күні Алматы қаласында АӨК дамуы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу басым болып тұр. Импортқа тұтынылатын ірімшік пен құс етінің жарты бөлігі, 40% астам шұжық өнімдері мен сары май шығарылады. Бұның барлығы өз елімізде өндіріледі және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіз екеніне негіз бола алады», - деді Әукенов.

Осы орайда, мемлекеттік саясат өндірушілердің белсенділігін арттыру мен бизнесті кеңейту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«ҚР АӨК дамуы 2017-2021жылдарына» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, бюджеттен несиелік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеме мен несие кепілдендіру және сақтандыру аясында жаңа өндірістерді субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысатын компаниялар саны 27-ге жетті. Айта кетерлігі, Алматыда бүгінгі таңда азық-түлік тамақ өнімімен айналысатын 218 компания бар, оның 185 шағын бизнес өкілі болып есептеледі.

Алматы әкімінің орынбасары ҚР АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. Бағдарлама бойынша жұмыстарды қаржылық қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылы 1,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта оның 400 млн теңгесі игерілген. 

Сонымен қатар, «ҚР АӨК дамуы» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және ауыл шаруашлығы техникалары мен технологиялық жабдықтарды лизингке беру бағыты бойынша 2017 жылы 2,8 млрд теңге бөлінген. Алғашқы жарты жылдықта оның 892 млн теңгесін игерілген.

Алматы әкімінің орынбасары Әукенов АӨК-ні дамытуға бөлінген қаржы Бизнестің жол картасын дамыту бағдарламасына бөлінген қаржыдан 1,5 есе көп екенін айтты.

Еске сала кетейік, былтыр Алматыда «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 3,2 млрд теңге бөлінген. Бөлінген қаржы толығымен игерілген. Аталған бағдарлама аясында 2016 жылы 306 жоба мақұлданып, 198-не демеу қаржы бөлінген. 2017 жылы 31 шілдедегі мәлімет бойынша аталған мембағдарлама бойынша 73 жоба мақұлданып, 16,98 млрд теңге неисе берілген.  

Еске сала кетейік, ҚР АӨК 2017-2021 жылдары аралығында дамыту мемлекеттік бағдарламасы биылғы ақпан айында мақұлданған болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық жергілікті бюджеттен 2017-2021 жылдары аралығында 2,4 трлн теңге бөлу қарастырылған. Оның ішінде 359,7 млрд теңге 2017 жылы бөлінуі тиіс.