Алматыда екі қосалқы электр станциясы салынып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ірі энергонысандар салынып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Санжар Алин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда екі қосалқы электр станциясы салынып жатыр

Спикердің сөзінше, басқарма 10 жоба (Алатау, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары) бойынша жұмыстар жүргізуде, биыл 4 жоба іске қлсылады. Қалған жобалар 2023 жылы аяқталады. «Қазір ірі энергонысандар салынып жатыр: 400 мың тұтынушыны қамтитын екі қосалқы станцияның – «Алмагүл» және «Тұздыбастаудың» құрылысы ірі объектілердің бірі болып табылады. «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысын жыл соңына дейін, ал «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын келесі жылдың шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деді Санжар Алин.

Алатау және Бостандық аудандарында 5 жоба әзірлену сатысында, оның мемлекеттік сараптама қорытындысын осы жылдың соңына дейін алу көзделген.

«Биыл 22 магистралды көшені жаңғыртуды аяқтау және 4 мыңнан астам жарық нүктесін ауыстыру жоспарда»,- деді.