Алматыда екі көше уақытша жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Достық даңғылы мен Бөгенбай батыр көшелері бір күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 шілде кешкі сағат 22:00-ден 16 шілде таңғы сағат 06: 00-ге дейін Достық даңғылы мен Төле би көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Сонымен қатар, 16 шілде сағат 22: 00-ден 17 шілде таңғы сағат 06:00-ге дейін Бөгенбай батыр және Пушкин көшелерінің қиылысы жабылады»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-дан.

Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар
telegram