Алматыда екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Саин көшесі мен Абай даңғылының учаскелері екі күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфальт бетон жабынын төсеуге байланысты 2 шілде сағат 23:00-ден 4 шілде 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

«Сондай-ақ жол қозғалысы Асқаров, Торайғыров, Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүзеге асырылады. 3 шілде сағат 23:00-ден 5 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерінің бойымен ұйымдастырылады»,- делінген хабарламада.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрады.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.