Алматыда екі рет көлік астына түскен әйел аман қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі рет көлік астына түскен әйел аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда екі рет көлік астына түскен әйел аман қалды

Бұл туралы қалалық ІІД Анықтау басқармасының басшысы Рустам Абдрахманов айтты.

Жол апаты 24 маусымда болған.

Опель Вектра көлігі көшенің шетінде тұрғын әйелді қағып кеткен. Соққыдан 5 метр жерге ұшып кеткен әйелді инерциямен қозғалған көлік таптап өткен.

39 жастағы әйел қазір №7 ауруханада ем қабылдап жатыр. Ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

«Аталған дерекке байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жапа шеккен қызға келтірілген жарақат деңгейіне қарай процессуалдық шешім қабылданады», - деді Р.Абдрахманов.