Алматыда екі шетелдік көлік соқтығысты, үш әйел қаза тауып, бір сәби және үш ересек жарақаттанды
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - 11 қыркүйек күні сағат 02:06-да Алматы қаласының Медеу ауданындағы шығыс айналмалы жолында Хонда» және «Мерседес» көліктерінің соқтығысуы орын алды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 30 және 32 жастағы 3 әйел оқиға орнында қаза тапты. Бір жастағы қыз бала, 25 жастағы бойжеткен, 24 жастағы жігіт және 40 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілердің аты-жөндері анықталған жоқ.