Алматыда екі троллейбустың бағыты өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда екі троллейбустың бағыты өзгереді

«Алматы метросының «Достық» бекетінің құрылысына байланысты 20 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында №6 және №25 троллейбустың қозғалыс схемасына өзгеріс енгізілді», - деп хабарлады Алматы мобильділік басқармасы.

№6 маршрут Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытта, Саин көшесінің бойымен - солтүстік бағытта, Жұбанов көшесінің бойымен - батыс бағытта, Момышұлы көшесінің бойымен - солтүстік бағытта және одан әрі жүреді.

№ 25 маршрут Абай даңғылының бойымен батыс бағытта, Саин көшесінің бойымен - солтүстік бағытта, Жұбанов көшесінің бойымен - батыс бағытта, Момышұлы көшесінің бойымен - солтүстік бағытта Қабдолов көшесіне дейін және одан әрі бағыт бойымен жүзеге асырылады.