Алматыда екі жасөспірімді ұрлаған қылмыстық топ құрықталды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматылық жедел қызметкерлер 15-16 жас аралығындағы 2 жасөспірімді ұрлаған қылмыстық топты құрықтады.
ҚР ІІМ мәліметтеріне қарағанда, жәбірленушінің кәсіпкер әкесі өзінің танысына 10 мың доллар ақша қарыз болғаны анықталды. Бірақ қарызын қайтармаған соң, күдікті оның балаларын ұрламақ болды.
Осы ойын іске асыру үшін кәсіпкер бала ұрлау үшін 7 адамды жалдайды. Бала ұрлаушылар өздерін құқыққорғау қызметкері деп таныстырып, құжаттары мен телефондарын тартып алып, оларды қаланың шағын аудандандарының біріне әкетеді. Бұдан кейін осы іс-әрекеттерін балалардың ата-аналарына хабарлайды.
Бала ұрлаушылар жәбірленушінің әкесімен сөйлесу кезінде ұсталды. Балалар ата-анасына қайтарылды.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда»,-делінген бұл мәліметтерде.