Алматыда екі жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда екі жыл бойы хабарсыз кеткендердің қатарында болған ер адамның опат болғаны анықталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрбан болған адам - жеке меншік такси айдаушы болған. Түрксіб ауданының екі тұрғыны оның «Мазда» маркалы автокөлігіне көзі түсіп, қылмыстық жоспар құрып, көлік иесіне жақсы ақшаға Алматы облысының Талғар қаласына апарып салуын сұрайды. «Бұзақылар жолда көлік иесін тұншықтырып өлтіріп, оны қаланың шетіндегі далалық жерге көміп тастаған. Одан кейін айдап әкеткен көлікті өздерінің саяжайларына апарып тығып, бөлшектеп сатқан. Түскен ақшаны өзара бөлісіп алған», деді болған жағдайды баяндаған Түрксіб ауданы ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мошқалов.

"Оның ата-анасынан ұлымыз жұмыстан келмеді деген хабар түсісімен, біз оның жақын таныстарын тексере бастадық, ал көлігі де жоғалғанын білгенде, осы жағдай себеп болуы мүмкін деп, іздестіру жұмыстарын сол бағытта жүргіздік. Нәтижесінде, алдымен қаскүнемнің бірі Алексейді ұстадық. Ол мәйітті қайда көмгенін айтып, жасаған қылмысын мойындады. Қазір қылмысқа қатысы бар Роман есімді екінші адамды іздестірудеміз", деді полиция полковнигі Нұрлан Мошқалов.

Соңғы жаңалықтар