Алматыда екі жыл ішінде қала құрылысы кеңесі 1 трлн теңгеден асатын 82 жобаны бекітті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы үнемдеу және бюджет шығындарын оңтайландыру арқасында дағдарысқа қарсы кешенді шарасын қабылдады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек Конституция күніне байланысты алматылықтар мен қала қонақтарына арналған салтанатты шара барысында айтты.
None
None

«Қалада шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында  құны 12 млрд теңге болатын «Жібек жолы», «Алматы-өнім,-туризм,-инновация» қалалық бағдарламалары  іске асуда. Қазірдің өзінде 1,2 млрд. теңге салық төленді. Қалаға  ірі  шетелдік инвесторлар  тартылған, соның ішінде 7 трансұлттық компаниялар. Жеке құрылысқа қолдау көрсетілуде. Екі жыл ішінде қала құрылысы кеңесі 1 трлн. теңгеден асатын 82 жобаны бекітті. Оның 3-еуі іске асты, 120 млрд. теңгенің 23 жобасы қолға алынды, соның арқасында 6,5 мың жұмыс орны құрылады», - деді әкім. 

Алматы  әкімі Бауыржан Байбек  қазіргі кезде қала бюджетінің  Алматыны 2020 жылға дейінгі дамыту Бағдарламасының мақсатты көрсеткіштері негізінде жасалатынын айтты.

«Негізгі принцип - түпкі нәтиже. Тиімсіз әрі  қымбат жобаларды оңтайландыру арқасында қаржы көздері жұмыспен қамтуға жұмсалды. Биыл республикалық бюджет инвестициясын 25%-ға қысқарту  арқылы жергілікті бюджет 1,5 есеге өсіп, 100 млрд. теңгеге жетті», - деді ол.

«Алматы-2020» Бағдарламасының бес тұжырымын әкімдік өзінің күнделікті жұмысында үнемі басшылыққа алып отырады. Ол біздің Конституциямыздың басты байлығы - адамға, оның өмірі мен қауіпсіздігіне, құқы мен бостандығына арналған. Мұнда конституциялық негізгі талаптар - есеп беру, ашықтықтық, ауқымды пікірталас орындалуда. Өздеріңіз білесіздер, біз биыл қаланы  жаңғырту бойынша көлемді жұмыстарды бастадық. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда абаттандыруға 2,3 есе, жолға 1,3 есе, инженерлік желілерді жасауға 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Егер өткен жылы 2 млрд. теңгеге 290 аула алаңдары жөнделсе, биыл 7,6 млрд. теңгеге  472 аула жөнделеді. Тұрғын үй қоры да жаңаруда. 254 үйді жөндеу үшін  2,9 млрд. теңге бөлінді», - деді Б.Байбек.

Бұлардан өзге қалада көшелер күрделі жөндеуден өтіп, 8 көше қайта жасалуда. Олар: Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңы, Байсейітов, Төлебаев көшелері, Есентай өзенінің жағалауы. Биыл білім беру саласының 28 объектісін сейсмикалық жағынан нығайту үшін 23 млрд. теңге бөлінді. Моренді көлдердің суын тарту жұмыстары жүруде, эвакуациялық каналдар ірі тастардан тазаруда. Бұл сырт көзге көрінбейтін, бірақ ТЖ қалалық қызметі жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстар, соның арқасында қала тұрғындарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Ақсай және Аюсай шатқалдарында 2 бөген  салу  мәселесі  Үкіметпен бірге қарастырылуда. 

Соңғы жаңалықтар