Алматыда экономика тақырыбында жазатын қазақ тілді БАҚ өкілдеріне арналған республикалық семинар өтті

АЛМАТЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда экономика тақырыбына жазатын қазақ тілді журналистерге арналған республикалық семинар өтті.
None
None

Шараны Қазақстан баспасөз клубының қолдауымен ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.

«Семинардың негізгі мақсаты - қазақ тілді БАҚ беттерінде экономика тақырыбы бойынша жазатын журналистердің біліктілігін арттыру, жедел ақпарат алу мен дерек көздерімен жұмыс істеу дағдысын үйрету, мемлекеттік органдар мен БАҚ әріптестігін орнату», - деді шараны ашқан ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев.

Еліміздің әр өңірінен келген журналистерге семинар барысында, қысқаша экономикалық журналистика курсы өткізіліп, ақпаратпен жұмыс жасау, ақпараттың сәйкестілігін тексеру, сарапшылармен жұмыс, сұхбаттасу техникасы, экономикалық журналистикадағы әдіс-тәсілдер, сондай-ақ шет елдік және интернеттегі ақпарат көздерімен жұмыс тәсілдері үйретілді. Сондай-ақ жетекші сарапшылар Қазақстанның макроэкономикалық жағдайына шолу жасап, мемлекеттік ақша-несие саясаты туралы ақпарат берді. «Семинар БАҚ өкілдерінің іскерлік ақпарат саласында бліктілігін арттыруға, экономика мен оның заңдылықтары, құралдары мен тетіктері жөніндегі білімдерін жүйелеуге қатысты ұмтылыстарын байқатты. Семинар қазақ тілді БАҚ-дағы материалдардың сапасын көтеруге, кәсіби қазақ тілді журналистиканы дамытуға жәрдемдесуге ықпалы тиеді деп үміттенемін», - деді Б.Берсебаев. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар