Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша студенттер арасында ІІІ республикалық олимпиада басталды

АЛМАТЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де экономикалық мамандықтар бойынша студенттер арасында ІІІ республикалық пәнаралық олимпиада басталды.

Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша студенттер арасында ІІІ республикалық олимпиада басталды

Олимпиаданы аталған университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Сәуле Арыстанбаева өзінің құттықтау сөзімен ашып, студенттерге сәттілік тіледі.

«Бұл шараның мақсаты - студенттердің кәсіби және теориялық білімін арттырып, олардың арасында өзара байланыс орната отырып, танымдық белсенділіктерін ұштай түсу. Сонымен қатар жеке жұмыста шешім қабылдаудағы шығармашылық қабілеттерін күшейтіп, болашақ мамандарды ұжыммен жұмыс істей білуге, жауаптылыққа және еңбексүйгіштікке баулу»,-дейді проректор.

Аталған шараға республика бойынша 25 жетекші жоғары оқу орнынан барлығы 310 студент қатысуда.