Алматыда экономиканың түйткілді мәселелерінің БАҚ-та көрініс табуына арналған дөңгелек үстел өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қаңтардың 29-ында «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазіргі заманғы экономика мәселелері» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтеді,

Алматыда экономиканың түйткілді мәселелерінің БАҚ-та көрініс табуына арналған дөңгелек үстел  өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны «Тұран» университеті ұйымдастырып отыр. Бұл отырысқа түрлі деңгейдегі жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары мен мерзімді басылымдардың, ақпарат агенттіктерінің, телеарналар мен радиолардың және зерттеу орталықтарының басшылары мен жетекші мамандары қатысады. Басқосуда қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты айқындайтын экономиканың әртүрлі салаларындағы мәселелердің БАҚ-та көрініс табуы талқыға салынады. Сондай-ақ қоғамдық пікірді қалыптастырудың жай-күйі мен сараптамалық материалдарға баға беру және әлемдік экономикалық үрдістерді түсіндірудегі БАҚ-тың рөлі жан-жақты сөз болады деп жоспарланып отыр.