Алматыда экономист-ғалымдар Елбасы Жолдауын талқылады

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты Президент Н. Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелерді талқылау мақсатымен дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан ғалымдар одағымен бірлесе өткізілген жиында белгілі экономист-ғалымдар, академиктер, ғылыми-техникалық және қоғамдық салалардың ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары бас қосты. «Елбасы өз Жолдауында экономист-ғалымдарды дағдарыстан шығу жолдары бойынша ақыл-кеңестер беруге шақырды. Осыған орай, біздің тараптан бірқатар ұсыныстар айтылып жатыр. Соларға тоқталсақ: біріншіден, қазірде елімізде белең алған жемқорлық мәселесіне тосқауыл қою қажет. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бөлінген қаржының талан-таражға түспеуі үшін, ақшаның тиісті орындарына жұмсалуын қадағалайтын ұлттық комиссия құруды ұсынамыз. Сондай-ақ сыбайласқан жемқорлық туралы заңға жедел өзгертулер енгізу қажет. Екінші мәселе ? азық-түлік. Халықтың азық-түлік қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет нақты бағдарламаны әзірлеуі керек. Бұған қоса, Қазақстанның инновациялық экономикасын қалыптастыру жолында жұмыстар атқару қажет. Осы орайда Экономика институты республиканың технологиялық дамуының ұзақ мерзімді бағдарламалар кешенін ұсынып отыр. Сонымен қатар, кадрлар мәселесін шешу керек. Білікті мамандарымыз болмаса, біз жаһандық даму деңгейінен қалып қоямыз. Еліміздің билік органдарында кадрлар резервін құру қажет», дейді ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры Сәбден Оразалы.
Соңғы жаңалықтар