Алматыда экспресс-автобустар «Медеуге» дейін қатынайтын болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 5 қарашадан бастап «Медеу» мұз айдынына дейін экспресс-автобустар қатынайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасында тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда экспресс-автобустар «Медеуге» дейін қатынайтын болады

Мегаполис басшысы 5 қарашада «Медеу» мұз айдынының мерейтойлық маусымы басталатынын атап өтті. Қала тұрғындарының жайлылығы үшін қала әкімдігінің бастамасымен мұз айдынына баратын №12 автобустың жұмыс уақыты ұзартылды. Енді соңғы автобус «Медеуден» түнгі 00.30-да жөнелтіледі.

Сондай-ақ, «Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы – «Медеу» мұз айдыны» бағытындағы автобус экспрессының жұмысы жаңартылды. Бастапқы кезеңде экспресс демалыс пен мереке күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін жүреді, жол жүру құны 200 теңге.

«Экспресс автобустар 5 қарашадан бастап жүреді. Онда жеңілдік болмайды, себебі, бұл экспресс. Сол арқылы демалыс күндері қала тұрғындарына «Медеуге» жақсы шығу үшін қолдау көрсететін боламыз», - деді әкім.