Алматыда экстремизмге қарсы күрес операциялары жалғасуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда экстремизмге қарсы күрес операциялары жалғасуда. Бұл жайында Алматы қаласының комендатурасы таратқан ақпаратта айтылған, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелерінен Төле Би, Райымбек және Абай даңғылдарын, сондай-ақ қала орталығын айналып өту жолдарын жоспарлауды сұраймыз. Сондай-ақ қала тұрғындарынан қазіргі уақытта серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Бұл шаралар сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін қабылданды», - делінген таратылған ақпаратта.

Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатыр.

«Қауесеттер мен фейктердің орын алуын ескере отырып, барлық қала тұрғындары мен БАҚ-тардан тек ресми ақпарат көздерін пайдалануды және оларға сүйенуді сұраймыз», - деп атап өтеді Алматы қаласының комендатурасынан.


Соңғы жаңалықтар